Институт ректоры А.Құсайынов ЖОО білім сапасы мониторингі және менеджменті бөлімінің бастығы Б.Байльденовке ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін тапсырды.
Жиналыста ҚР Президентінің атаулы стипендиялары, сонымен қатар 2014-2015 оқу жылының қорытындылары бойынша «Үздік куратор», «Үздік студент», «Үздік оқу тобы», «Үздік жас оқытушы» конкурстарының жеңімпаздарына дипломдар тапсырылды. Сондай-ақ, «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» мен «Қазақ және орыс филологиясы» кафедраларының ЖІК төрағалары алғыс хаттармен марапатталды. Митингтен кейін оқу топтарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар өтті.
