Іс-шараға «Қаржы» мамандығының студенттері мен экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты. Отырыстың қатысушыларына э.ғ.к., доцент Стацурина Ю.В. және «Қаржыгер-Финансист» ғылыми үйірмесінің жетекшісі, э.ғ.д., профессор Турекулова Д.М. құттықтау сөздерін арнап, қазіргі заманғы экономиканың ең өзекті мәселелері жайлы баяндамаларын оқыды.
Студенттер қызықты баяндамалар дайындап, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі мен қаржы секторының мәселелеріне байланысты өзекті сұрақтарды талқылады. Баяндамалардың өзектілігі көп қызықты сұрақтардың қойылуынан байқалды.







