2016 жылдың 13 қазанында әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы А.Т. Аязбаева ППСК-4-3,4-4 топтары студенттерімен Астана қаласының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» барып өздерінің сабақ барысында алған білімдерін қолданып, теориялық және практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында студенттер балалардың жас ерекшелігіне сай тренингтер мен жаттығулар жүргізіп, балаларға кішігірім сыйлықтар таратты.
Қорыта айтсақ, студенттер балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, балалар тренинг барысындағы өз сезімдерімен бөлісіп, студенттерге алғыстарын білдірді.

















