Бұл фильмді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық оқу орындарының студенттеріне көруге ұсынады. Фильмде бас кейіпкердің үйге барар жолда кездесетін қиындықтарды ананың махаббатының күштілігі арқылы жеңетіні негіз болады. Бұл фильм рух мықтылығы, батылдық, патриотизм және отбасылық құндылықтардың беріктігі идеяларында құрылған.
Фильм аудиторияға өте терең әсер етті. Фильм яақталған соң, кураторлар мен студенттер тұрып қол соқты. Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Акан Сатаевқа зор алғысымызды білдіреміз!



















