ЕАГИ-ді шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. доцент Л.В.Волкова, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары п.ғ.м. доцент Г.У.Аренова, шетел тілдері кафедрасының оқытушылары (п.ғ.м. Л.У.Алипбекова, п.ғ.м. Н.Л.Сулятецкая, аға оқытушы С.А.Долдинова, п.ғ.м. А.К.Есимова, аға оқытушы А.А.Султанова, г.ғ.м. Н.И. Демидкова және т.б.) таныстырды.
Кездесудің мақсаты Қазақстанның аударма қызметі аясында қазіргі кезеңдегі мәселелері мен келешегін талқылау болды. Біздің қоғамдағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуымен, динамикалық өзгерістермен байланысты және «Рухани жаңғыру» стратегиясының аясында өзгерістер шынымен жетілді. Бұл кездесу классикалық аударманың үздік дәстүрлерін құрметтеп, сақтап және алға ұмтылу керек деген негізгі ойды қамтыды.
Талқылау нәтижесінде шетел тілдері кафедрасының Аудармашылар қауымдастығымен және Аударманың қазақстандық академиясымен ынтымақтастықта жұмыс істеуі көзделді.





