Семинар жұмысы барысында қатысушылар Edmodo, Socrative, Padlet, Myefe.com. онлайн-сөздігі сынды бірнеше онлайн-платформалардың қызметімен танысып, жұмыс істей алды. Осы сандық ресурстар игерілетін материалды бір алаңда біріктіруге, аудио-бейне жазбаларды қолдануға, қашықтықта оқушылармен интерактивті диалогты жүргізуге, тапсырмаларды тексеру үшін уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Мұғалімдер өткізілген семинарға жоғары баға қойды және ынтымақтастықты жалғастыруға тілек білдірді.













