Іс-шараны ЕАГИ кітапханасы ұйымдастырды. Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде семинардың басты мақсаты – оқытушыларға Springer Nature дерекқорларын халықаралық журналдарға жарияланымдарды дайындауда өздіктерінен қолдануды үйрету екендігін атап өтті. Сонымен бірге проректор Қ.Ә. Ахметов Қазақстанның барлық академиялық және ғылыми ұйымдары 2015 жылдан бастап ғылым, техника және медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша әлемдегі ірі және бұрыннан келе жатқан (1842 ж.) баспалардың бірі болып табылатын Springer Nature халықаралық компаниясының ғылыми журналдарының толықмәтіндік жинақтамасына тегін қолжетімділікке ие екендігін айтты. Springer Nature баспасы халықаралық ғылыми қоғамдастық арасында өте жақсы бедел мен атаққа ие.
Springer Nature лицензиялық менеджері Александрова Ирина Алексеевна лектор ретінде сөз сөйледі. Ол келесі сұрақтарға жауап берді:
Семинардың қатысушылары базалық түсінік алды, зерттеу бағыты бойынша журналды қалай таңдау керек, рейтингтік журналдарда мақала жариялау процесі туралы, бағыт бойынша журналдар таңдау және т.б.
Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
ЕАГИ кітапханасы







