Жанар Дәулетбаева: «Жоба керемет жүзеге асты. Бағдарламаның мақсаты орыс тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы шетелдік филологтердің біліктілігін арттыру, сонымен қатар олардың тілдік құзыреттерін жетілдіру болды. Шет тілі ретінде интенсивті оқыту кафедрасының жетекші оқытушыларының оқыған дәрістері қазіргі білім беру жағдайында пайдалы болды. Біз келесі блоктар бойынша дәрістер мен сабақтарды тыңдадық: шет тілі ретіндегі орыс тілінің практикалық курсы, лингвомәдениеттану және өлкетану, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі, орыс әдебиеті (классикалық, қазіргі заманғы және балалар). Қорытынды сертификаттау мини-конференция нысанында сынақ түрінде өтті, оның барысында біз өз тәжірибемізбен бөлістік. Оқытушыларға арналған курстардан басқа экскурсиялар және мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Курстардың нәтижесінде барлық қатысушыларға белгіленген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды»,- деп атап өтті.
Әріптесімізді осындай үлкен шараға қатысумен құттықтай отырып, алған біліміміз студенттеріміздің кәсіби ынтасын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.





