Студенттермен кездесуге «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астаналық филиалының директоры Д. Рахметуллин және «Байқоңыр» аудандық филиалының директоры М. Есенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А. Кенебаева, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Г.Канафина қатысты.
Іс-шарада студенттерге парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.









