Жарыстың қорытындысы бойынша, атап айтсақ, шахматтан орындар мынадай болып бөлінді: 1-орын – «Тарих» мамандығының ИК-18-01 тобының студенті Мерген Әділхан; 2-орын – ДОВК-18-01 тобының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Лазима Тойшыбай; 3-орын – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының ИЯК-18-03 тобының студенті Ерден Ерасыл.
Тоғызқұмалақтан жарыс қорытындысы бойынша, орындар бөлінісі: 1- орын – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының ИЯК-18-03 тобының студенті Шакирова Алуа; 2-орын – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының ИЯК-18-03 тобының студенті Ерден Ерасыл; 3-орын – ПМНОК-18-01 тобының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Әшірбек Толғанай.
Жарыс соңында ЕАГИ спорт клубының жетекшісі Балтабеков Р.С. жеңімпаздарды дипломдармен және медальдармен марапаттады.



















