Жиын барысында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорынан ғалымның ғылыми еңбектері мен Қайым Мұхамедхановтың мұрағаттық қорынан фото-құжаттық көрме ұйымдастырылды.
Ғалым өзінің ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Абай және оның ізбасарлары туралы материалдарды жинап, Абай мектебі ақындарының 30-дан астам есімдерін қалпына келтірді. Абайдың ізбасарлары туралы өмірі мен шығармашылығы туралы текстологиялық талдау жасап, ғылыми-шығармашылық өмірбаяндар жазды.
Қайым Мұхамедханов – Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері.
Іс-шараға институтымыздың 5В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова мен аға оқытушы А.Е. Әлімбаев қатысты.
http://nabrk.kz/
https://www.facebook.com/nabrk.kz/
