Студенттер өз баяндамаларында өздерінің жетістіктері мен бетпе-бет келген қиындықтарын, сондай-ақ әлі де алу керек білімдерін атап өтті. Болашақта олар мектепте жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді. Конференция жылы және сындарлы жағдайда өтті.
Конференцияға кәсіби практика және мансап үйлестірушісі А.Т. Оспанова, топ кураторы, п.ғ.к., доцент Қ.А. Мұхамбетова, п.ғ.к., доцент Р.У. Накипбекова, практика жетекшісі, п.ғ.к., доцент А.Б. Изделеуова шақырылды.









