Еуразия гуманитарлық институтының командасы құрметті үшінші орынды иеленді. 5 сағат ішінде біздің студенттеріміз интеллектуалды күресте елорданың жетекші жоғары оқу орындарының тоғыз командасымен күш сынасты және үшінші жетекші команда болды. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Үшінші орынды иеленген біздің институттың құрама командасы: Мерген Әділхан (ИК-18-01 тобы), Арманұлы Ескендір (ПМНО-18-01 тобы) және Тойшыбай Лазима (ДОВК-18-01 тобы) )
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерге оқуда зор табыс пен жеңістер тілейміз!











