Онлайн-семинардың модераторы, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департамент директоры С.Б. Загатова қашықтықтан оқыту аясында емтихан қабылдаудың формаларымен (ауызша онлайн-емтихан, қашықтықтан тестілеу және т.б.) таныстырып, бакалавриаттағы білім алушылардың онлайн-режимде бітіру жұмысын қорғауының ерекшеліктеріне және т.б. тоқталды.
Вебинар барысында студенттермен аралық және қорытынды сессиялардың форматы талқыланды. «Аударма ісі» мамандығы бойынша бітіруші курс студенттері ағымдағы сессияны қашықтықтан тапсыру тәжірибесімен бөлісті.
Студенттердің сұрақтарына бірінші проректор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, декан Қ.А. Мамаділ, Қашықтықтан оқыту орталығының жетекшісі Б.А. Баймамыров, кафедра меңгерушілері жауап берді.





