Бейнеконференцияда қашықтықтан оқыту технологияларын іске асыру аясында қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары талқыланды. Видеоконференция модераторы, академиялық және аккредиттеу мәселелері жөніндегі департамент директоры С.Б. Загатова онлайн режимде дипломдық жұмыстарды қорғау тәртібі туралы айтып, студенттерге қорытынды аттестаттаудың бейнеконференциясына қатысу талаптарын баяндады. Plagiat.pl жүйесінің әкімшісі Г. Рахымжанова Plagiat.pl жүйесінде плагиатты тексеруге дипломдық жұмыстарды тапсырудың ерекшеліктерін түсіндірді. Кафедра меңгерушілері мен ғылыми жетекшілер ғылыми жұмыстарды ресімдеу тәжірибелерімен бөлісті.
Түлектердің сұрақтарына бірінші проректор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә. Ахметов, декан Қ.А.Мамаділ, кафедра меңгерушілері жауап берді.



















