Бірінші курс студенттерін эдвайзердің жұмысын ұйымдастыру туралы Ережемен және оқу тобы эдвайзерінің лауазымдық нұсқаулығымен таныстырды.
Академиялық топ эдвайзерінің негізгі міндеті студент тұлғасының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, ұйымшыл студенттік ұжым қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысына көмек көрсету болып табылады.
Сондай-ақ 2020 жылдың 3 қыркүйегінде ««Платонус» ААЖ жұмысымен танысу» атты өткізілген вебинарда студенттер білім беру онлайн-платформаларымен жұмыс жөнінде, студенттердің жеке жоспарларын толтыру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық алды.
