Сабақтың негізгі мақсаты – желілер мен интернеттің жұмыс процесін түсінуді, сондай-ақ веб-беттерді құру үшін HTML-мен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабаққа «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Г.Д. Тәжбенова, доцент А.С. Оспанова, доцент Б.Б. Мажитова, магистр Ж.Д. Дәулетханова қатысты.
Оқытушы жетекші сұрақтар қойып, аудиториямен шебер байланыста болды. Материал түсінікті, қызықты түрде ұсынылды. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сайттар құруға үлкен қызығушылық танытты және ағылшын тілін меңгеру дағдыларын көрсетті. Кері байланыс алу мақсатында Kahoot сервисінде онлайн-ойын ұйымдастырылды. Соңында практикалық сабақтың қорытындысы шығарылды.



