Шақырылған дәріскер – академик Е.А. Букетов ат. ҚарМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Этномәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының» аға ғылыми қызметкері Жакин Мәулен Советұлы.
Қарастырылып отырған тақырып көшпелі қазақтар мен олардың ата-бабалары мекендеген еуразиялық кеңістіктегі тарихи оқиғалардың даму ерекшелігін көрсететін дала өркениеті мемлекеттерінің циклдік дамуының жаңа тұжырымдамасына арналды. Бұл мәселенің көтерілуіне біздің еліміздің тарих және этнология ғылымында еуразиялық көшпенділер тарихының кезеңделуін және олар құрған мемлекеттердің өзіндік ерекшелігін айқындайтын теориялық мәселелердің шешілмеуі себеп болды.



