ПДК-18-01, ПДК-18-02 топтарының студенттері Кабенова Айгерім мен Жамбулова Балауса семинар тақырыбына байланысты презентация дайындап, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, елді басқарудағы жетістіктері мен реформалары жайында мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, ел ертеңі – болашақ жастардың қолында екенін атап өтіп, Елбасының 2019 жылғы жолдауы туралы айтылды.
ПДК-18-01 тобының студенті Сейтханқызы Замира дайындаған бейнероликте Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалары мен еліміздегі әлі шешілмеген мәселелерге қатысты Елбасының айтқан ойымен танысты. Ол мәселелер – мұғалім мәртебесі, ЖООлардағы жемқорлық, полиция жұмысы. Барлық студенттер өз ойларын ашық айтып, сол мәселелерді қандай жолмен шешу керектігі жөнінде ортақ дискуссия жүрді.





