Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу үдерісін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулыларына сәйкес 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрін ұйымдастыру мақсатында Еуразия гуманитарлық институтының ішкі құжаттарына өзгерістер енгізілді.
«Еуразия гуманитарлық институтының академиялық саясатының негізгі ережелері», «Санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету регламенті және оны білім алушылар мен Еуразия гуманитарлық институты қызметкерлерінің сақтауы» соңғы өзгерістері мен толықтыруларымен институт сайтына орналастырылды: бірінші курста оқытудың аралас форматын ұйымдастыру, білім алушылар мен студенттердің санитарлық режимді сақтауы, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау жағдайларында жатақханада тұру ережелері және т.б.
Көктемгі семестрді ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында желтоқсан-қаңтар айларында институт басшылығы мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының білім алушылармен және институт оқытушыларымен бірқатар кездесулері өткізілді. Ұйымдастыру мәселелері бойынша тұрақты ақпараттандыру үшін 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.