Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-əдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Б.Х. алғы сөз алып, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Өскембаев Қанат Сәдуақасұлы «Мемлекет мүддесін ойлаған қазақтар» атты Алаш арысы Ә. Ермеков жайлы баяндама жасады.
Конференцияға ерекше дем берген оқиға Әлімхан ағаның тікелей ұрақтарынан – немересі Олег және шөбересі Әділ Ермековтердің қатысуы болды. Сонымен бірге Ресейдің Том политехникалық университетінің музей-комплексінің маманы Вадим Лобанов қатысып, Ә. Ермековтің осы қалада өткен студенттік кезінен мәліметтер берді.











