Кураторлар студенттерді ЕАГИ студентінің Академиялық адалдық кодексімен және кредиттік технология бойынша оқытудың негізгі қағидалары мен қағидаттарымен таныстырды. Іс-шараға қатысушыларға санитарлық-эпидемиологиялық режим регламентін сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
Студенттер үшін онлайн-конференция ұйымдастырылды, оның барысында эдвайзерлер негізгі траекториялар, міндетті және элективті пәндер туралы ақпарат ұсынды.
Тұсаукесер апталығы аясында бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.









