Доцент Ж.Т. Оспанова және аға оқытушы А.К. Алтымбаева ойын техникаларын, заманауи мультимедиялық онлайн-бағдарламалар мен stationenlernen коммуникативтік әдістемесін қолдана отырып, «Tannenbaum», «Adventskalender», «Weihnachtsmann» командаларында студенттер жұмысын ұйымдастырды.
Аккордеон әуенімен ИЯ-20-01 студенті Бондаренко Юрий неміс тілінде «Stille Nacht, heilige Nacht», «O, Tannenbaum» атты жаңа жылдық әндерді орындады.
Мереке соңында барлық қатысушылар ИЯ-20-01 (Горленко Вероника, Овсянникова Дарья, Имангалиева Тоғжан және Бондаренко Юрий) студенттері Adventskalender («Рождество күнтізбесі») нысанында дайындаған сыйлықтарды алды. Студенттер дайындаған Рождестволық әшекейлер Adventskranz («Рождестволық гүл шоқтары») түрінде мерекелік атмосфера берді.











