Студенттерге құқықтары мен міндеттері, жатақханада тұру ережелері түсіндірілді; оларға тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды; оларға санитарлық-эпидемиологиялық режим регламенті және оны сақтау қажеттілігі туралы, ревакцинациядан өту туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, студенттерге өткізу режимін, тұрмысты ұйымдастыру және ішкі тәртіпті сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Одан кейін 4 курс студенті Бердалы Үміт тұрғылықты жері бойынша өндірістік практикадан өту себебінен Жатақхана кеңесінің төрағасы қайта сайланды. Көпшілік дауыспен «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нусупова Карина студенттік кеңестің төрайымы болып сайланды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.









