Қызықты турнирді ЕАГИ студенттік Парламентінің пікірталас қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Verum» пікірталас клубы Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Зияткерлік сайысты өткізудің негізгі мақсаттары – пікірталасқа қатысушыларды болашақ турнирлерге практикалық дайындау, ЕАГИ-де пікірталас қозғалысын дамыту, жастардың бойында толеранттылық пен азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу, жас көшбасшыларды шешендік шеберлік пен сыни ойлау дағдыларына үйрету болып табылды.
Келесі қатысушылар пікірталас турнирінің жеңімпаздары болып:
1-орын – Әлімхан Бақдәулет, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті (ЮР-20-01 академиялық тобы);
2-орын – Нуркеев Алмаз, «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенті (Ф-21-01 академиялық тобы);
3-орын – Өмірбек Тоқжан, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (ШТ-22-02 академиялық тобы) танылды.
«Линкольн-Дуглас» форматында турнирдің үздік төрешісі болып «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті Салимжуаров Ғани анықталды (ЮР-20-01 академиялық тобы).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Еуразия гуманитарлық институтының және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының кубоктары, грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.



















