ЖОО-ның академиялық адалдықты, парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты түрлі бағыттар бойынша іске асырылады. Атап айтқанда, институтта «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штаб жұмыс істейді.
2022-2023 оқу жылының қысқы сессиясы кезеңінде Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті, Студенттік Парламент, құқық және құқық тәртібі фракциясы және «Саналы ұрпақ» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы ЕАГИ академиялық топтарының студенттері арасында «Таза сессия» акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тиімді және пәрменді алдын алуға бағытталған шараларды нығайту, сондай-ақ ЖОО-да кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау және айыптау атмосферасын құру болды.



















