Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге жылу мен жақсылықты, халықтар арасындағы келісімді түсінуге, бағалауға үйрету, сондай-ақ өзара сыйластыққа тәрбиелеу болып табылды.
Іс-шара аясында «Алғыс айту күні Қазақстан тарихына құрмет ретінде»; «Қазақстан халқы Ассамблеясы – көпұлтты қоғамды дамытудың негізі»; «Депортацияланған халықтардың қазіргі заманғы әлеуметтік саясатты қалыптастырудағы рөлі» атты мәселелер талқыланды.





