2023 күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығында ҚР Президентінің стипендиясын алуға конкурс жарияланады

Құрметті білім алушылар, 2023 жылдың 26 маусымына дейін 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алуға арналған конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Президенттік стипендияны тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған стипендияны тағайындау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми – зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Үміткердің 2022-2023 оқу жылындағы, құжаттармен расталған жетістіктері ескеріледі.
Үміткерлерді іріктеу тәртібі:
Іріктеу үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Тең жағдайда артықшылығы бар:
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:
Өтініш (қазақ тіліндегі шаблон) , Өтініш  (Орыс тіліндегі шаблон).
Құжаттарды деканның орынбасары 2023 жылғы 26 маусымға дейін қабылдайды .
Светлана Даниловна Кохович, кабинет 100, 2 оқу-ғимараты .
Прокрутить вверх