Ойынның мақсаты: студенттердің сыбайлас жемқорлық, оның көріністері туралы білімдерін бекіту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы, студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құқықтық сана деңгейін арттыру болды.
Ойын қорытындысы бойынша «Әділет» командасы 1 орынды, «Жас Қыран» командасы 2 орынды, «Фемида» командасы 3 орынды иеленді.
Іс-шараның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.











