2024 жылғы 30-31 қаңтарда ЕАГИ ерікті студенттері «Менің бауырым» студенттік волонтерлік жобасын іске асыру бойынша семинар-тренингтерге қатысты. Оқу барысында студенттерге келесі тақырыптар: әлеуметтік жобалар мен тәжірибелер, жобалық қызметті жоспарлау, еріктілер жұмысындағы оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу, ерікті студенттердің балаларды бақылау дағдыларын дамыту, оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту формалары мен әдістері және т. б. ұсынылды.
Бұл жоба жалпы білім беретін мекемелерде қауіпсіз және қолайлы орта құруға бағытталатын болады.



















