Іс-шараны ғылыми және оқу жұмысы жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөзімен ашты.
Бұдан әрі «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»» РҚБ өкілдері: РҚБ төрағасы М.З. Семгалиев, РҚБ құрметті төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері О.А. Абдыкаримов, РҚБ төрағасының орынбасары, академик, ф.ғ.д., профессор Б.Б. Мамраев және РҚБ төрағасының орынбасары, Астана қалалық филиалының директоры Д.Р. Рахметуллин, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары У.Н. Курамаев және «Алматы» ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Е. Жаугашева сөз сөйледі.
ЕАГИ студенттерінің атынан 3-курс студенті Сайдалина Дильнара «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру проблемалары» тақырыбында баяндама оқыды.
Іс-шара студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қоя алатын ашық микрофонмен аяқталды.



















