Іс-шараны институт ректорының м. а., профессор Н.Т. Ныгыманова ашып, оқытушылар мен қызметкерлерді мерекемен шын жүректен құттықтады.
Жоғары білім қызметкері күніне орай Н.Т. Ныгыманова ЕАГИ оқытушылары мен қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.
Оқытушылар мен қызметкерлердің атына студенттерден жылы және шынайы құттықтау сөздер айтылды. Сондай-ақ олар музыкалық, би, поэтикалық қойылымдар түріндегі шығармашылық нөмірлермен қуантып, барлығына ұмытылмас мереке сыйлады.



















