«Құсайынов оқулары 2024» конференциясы

2024 жылғы 6 желтоқсанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шарада әртүрлі елдердің ғалымдары, оқытушылар мен сарапшылар ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін талқылау үшін бас қосады.
Конференцияның мақсаты: тәжірибе алмасу, түрлі елдердің зерттеушілері мен сарапшыларының басын қосып ғылыми ынтымақтастықты нығайту және қазіргі жаһандану жағдайындағы ғылым мен білімнің күрделі мәселелерін талқылау.
Шақырылған қонақтар мен құрметті спикерлердің қатарында:
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Болгария, Аргентина және т.б. елдердің өкілдері қатысады, бұл конференцияның халықаралық сипатын танытады.
Шара барысында жетекші спикерлер сөз сөйлейтін пленарлық отырыс ұйымдастырылып, ауқымды ғылыми бағыттарды қамтитын алты тақырыптық секция жұмыс жасайды.  Олардың қатарында:
Сондай-ақ көпұлтты Қазақстандағы тілдік және мәдени бірегейлік мәселесі, сондай-ақ жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы тұрақты дамудың жаңа стратегиялары да басты назарда болмақ.
Конференция нәтижесінде қатысушылардың негізгі шешімдері мен ұсыныстарын қамтитын ғылыми материалдар жинағы жарық көреді. Бұл шара Қазақстандағы және одан тыс аймақтардағы ғылым мен білімнің дамуына қосылған маңызды үлес болады деп сенеміз.
ЕАГИ ұйымдастыру комитеті
Прокрутить вверх