Кездесу Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және ЖОО-ның 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды. Қонақ мемлекет тұрақтылығын дамытудағы ҚР Негізгі Заңының рөлі туралы айтып берді. Болашақ заңгерлер прокуратура органдарындағы жұмыстың ерекшелігі және құқық саласындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы да білді.
Кездесу интерактивті форматта өтті: студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.











