Іс-шараның мақсаты – ақпараттық электрондық қызметтерді ұсыну саласында тәжірибе алмасу, кітапханалардың ІТ-қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру болды. Конференция қонақтары Орталық Азия және ТМД елдерінің (Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан) өкілдері болды. Конференцияға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кітапханаға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Р.М. Шакимова қатысты.
Оқыту семинарлары аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.







