Форумда спикерлер ретінде: Г.С. Курманбай, Nazarbayev University профессоры, ұлттық мәдениет орталығының басшысы; Ә. Исабек, М. Әуезов ат. ОҚУ баспасөз хатшысы, абайтанушы, әуезовтанушы; К.С. Оспанов, Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары; А.Т. Смагулова, «Абай және ұлттық руханият» ҰО басшысы және А. Абылайханқызы, ҚР ҒЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Форум жұмысындағы маңызды оқиға жоғары мектеп қызметкерлерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі болды.
Сондай-ақ форум аясында оның қатысушыларына Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығына экскурсия жасауға және Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына баруға мүмкіндік берілді.











