Есіл ауданы полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Ж.Ж. Молдабаева құқық бұзушылықтың алдын алу, қорғау шаралары және уақтылы көмек сұраудың маңыздылығы туралы айтып берді.
««Даму» қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ басшысы Анар Арғынқызы өз сөзінде қоғамдық бастамаларды дамыту тақырыбын және қазіргі қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлін қозғады.
Кездесу барысында студент жастарды құқықтық мәдениет рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді.



