Институт ректоры, профессор Н.Т. Ныгыманова құттықтау сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Кохович Светлана Даниловнаға «Жоғары кәсіби білім беру саласының үздік педагогы» құрметті атағы берілді. Аубакирова Құралай Шаймардановна Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды.
Омарова Шайза Аукеновна, Омарова Салтанат Жаркыновна, Ерғалиева Айсәуле Насыровна, Темірғалиева Гюзель Камалиденовна, Айткулова Арайлым Мырзахановна, Болатбекова Назгүл Жоламановнаға «Аманат» партиясының алғыс хаттары табысталды.
Студенттер ұстаздарға жылы лебізін білдіріп, бұрала би билеп, әсем әнмен мерекелік көңіл-күй сыйлады.



















