А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері де форум жұмысына белсене қатысты. Олар үшін бұл жасанды интеллект, виртуалды шындық, цифрлық технологиялар мен білім саласындағы жаңа трендтермен танысудың бірегей мүмкіндігі болды.
Форумның басты тақырыбы — Generative Nation. Ол Қазақстанның білім қоғамын дамыту және жасанды интеллектіні болашақтың негізгі қозғаушы күші ретінде енгізу бағытын айқындады.
ЕАГИ студенттері әлемдік сарапшылардың дәрістеріне қатысып, мастер-класстардан өтті, пікірталастар мен воркшоптарға қосылды, AI-жобаларды сынақтан өткізіп, EdTech, GameDev және метаәлем саласындағы жаңалықтармен танысты.
Digital Bridge 2025 студенттерге жаңа білім алуға, кәсіби тұрғыда дамуға және болашақ мансабын жоспарлауға мүмкіндік берді.



