Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Болгария, Польша елдерінен келген шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, елдің тарихи мұрасын зерделеудің маңызын атап өтті.
Аталған іс-шараға А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының ректоры Н.Т. Ныгыманова және ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры С.А. Есқалиев қатысты.



