А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының бірінші курс студенттерін салтанатты қабылдау кеші

2025 жылғы 7 қарашада А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының бірінші курс студенттерін салтанатты қабылдау рәсіміне арналған мерекелік кеш өтті. Биыл бұл оқиға ЕАГИ-дің 30 жылдығымен қатар келуіне байланысты ерекше деңгейге өтті!

Салтанатты рәсімді Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Н.Т. Нығыманова ашып, бірінші курс студенттерін өмірінің жаңа кезеңінің басталуымен құттықтап, болашақ мамандардың кәсіби және жеке қасиеттерін қалыптастыруда ЕАГИ-дің маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.

Студенттер әзілге, шабытқа және шынайы студенттік рухқа толы шығармашылық қойылымдар дайындады! Мерекелік көңіл-күй, бірінші курс студенттерінің бал-бұл жайнаған жүздері, шынайы ықыласы мен эмоциялары – естен кетпес кештің салтанатын құрды! Бәрі өзін Еуразиялық гуманитарлық институтында қалыптасқан үлкен әрі тату отбасының бір мүшесі екендігін сезінді!
Білім, дәстүр және шабытқа толы 30 жыл!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх