Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2023 жылдың 8 желтоқсанында сағ. 10.00-де А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
Электрондық жинақ конференцияға дейін шығарылатын болады. Конференция материалдарын шығару үшін тапсырыс пен баяндама мәтінін 2023 ж. 15 қарашасына дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 2500 теңге. Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.
Баяндамаларды ресiмдеу тәртiбi
Мәтiн Microsoft Office Word-та терiлуi тиiс. Баяндамалар үшiн – шрифт Times New Roman, кегль 14, бiр жарым интервал. Мәтiн көлемi А4 форматты парақпен 5 толық бетке дейiн. Шеттерi: сол жағы – 3 см, жоғарғы, төменгi және оң жағы – 2 см;
Материалды мына мекенжайға жiберулерiңiздi сұраймыз:
010009, Астана қ., Жұмабаев даңғылы, 4, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, e-mail: Konf.eagi@gmail.com , +7 7074314992 , +7(7172) 561933 Тапсырыста көрсетiледi: Қатысушының аты-жөнi, жұмыс орны, ғылыми дәрежесi мен атағы, секцияның атауы, баяндамасының тақырыбы, байланыс телефондары, e-mail. Тiркеу жарнасы Астана қаласы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның ИИК КZ806010111000036337 есеп-шотына аударылады, БИН 990140001808, БИК HSBKKZKX, КБе 17, төлем бағытының коды 861

Прокрутить вверх