Зияткерлік сайысты өткізудің негізгі мақсаттары – ЕАГИ студенттері арасында құмар ойындардың алдын алу, «лудомания» ұғымымен таныстыру, студенттердің логикасы мен тапқырлығын дамыту, сондай-ақ жас көшбасшыларды шешендік шеберлік пен сыни ойлау дағдыларына үйрету.
Келесі командалар:
1-орын – «Жалын» командасы; 2-орын – «Шабыт» командасы; 3-орын – «One team» командасы Brain-Ring зияткерлік ойынының жеңімпаздары болып танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табысталды.



















