Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның мақсаты – ғылыми зерттеулер категориясының тұтас және бір мезгілде құрылымдық идеясын қалыптастыру және Қазақстан қалалары мен көршілес елдердің әртүрлі университеттерінің студенттері арасында ғылыми байланысты ұйымдастыру.
Конференция келесі секция бағытында жұмыс жасады:
Конференция жұмысына көптеген оқу жоғары орындарының студенттері мен магистранттары, Астана қаласының көптеген оқу орындарының (А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті, ЕАГИ жоғары колледжі және т.б.), сонымен қатар Алматыдан (Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Қостанайдан (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті), Тараз (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті), Қарағанды (А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), сондай-ақ, Астана қаласындағы жалпы білім беретін № 26, 32, 48, 68, 87 мектептердің оқушылары қатысты. Конференцияға 200-ден астам өтінім ұсынылды.
Атап өтсек, ынтымақтастық аясында Бішкек қаласынан Қырғызстан Халықаралық университетінен студенттері мен магистранттары белсенді қатысты.
Қорытынды пленарлық отырыста жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне, ғылыми кеңістікті қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының студенттері мен магистранттарының ғылыми әлеуетін одан әрі дамытуға жағдай жасауды жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Кейін конференция материалдарын ӘОЖ және ISBN индексі берілген электрондық жинақ шығару жоспарланды.
Ұйымдастыру комитеті



















