Салтанатты шараға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері (ЮК-20-01 тобы – қазақ ұлтын, ЮР-21-01 тобы – түрік елін, ЮК-21-01,02 топтары – кавказ елдерін, ЮР-22-01 тобы – орыс ұлтын) сонымен қатар шарамыздың қонақтары А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры – Ахметов Қадыр Әбілжанұлы, тәрбие ісі жөніндегі проректор – Оспанова Ярослава Николаевна, заң ғылымдарының докторы, профессор Балтабаев Қуаныш Жетпісұлы өздерінің құттықтауларын жаудырып, студенттерге алғыстарын білдірді.
Іс-шара көтеріңкі көңіл күймен, әсем әуен мен күймен, ұлттық бимен өз нәтижесін тапты. Шараға белсенді қатысқан студенттерді кафедраның аға оқытушысы Калдыбаев Қайырбек Серікбайұлы кафедра меңгерушісінің алғыс хаттарымен, дипломдарымен марапаттап, студенттік топтарға тәтті сыйлықтар сыйлады.











