Іс-шараға қатысушылар халық күйлері мен әндерін орындап, ұлттық ойындарға қатысты. Мереке қонақтары – кафедра оқытушылары мен студенттері көркемөнерпаздардың шығармашылық қойылымдарын жылы қарсы алып, Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.









