Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы, полиция полковнигі Ильиных Сергей Сергеевич және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанова Ярослава Николаевна құттықтау сөз сөйледі.
Табанды күресте бірінші орынды және ЕАГИ ректорының кубогын «Феникс» (Астана қаласы ЖОО құрама командасы) жеңіп алды; екінші орынды «Экипаж» (Астана қаласы ЖОО құрама командасы) және үшінші орынды «ФСН (ЕАГИ)» (Астана қаласы ЖОО құрама командасы) иеленді.
Сондай-ақ, турнир қатысушылары арасында «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясының жеңімпаздары анықталды:
* жігіттер арасында – Әбдіров Ердаулет (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ); * қыздар арасында – Ермеккалиева Камила (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ).
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушыларға – ЕАГИ-дің дене шынықтыру оқытушысы Волков Олег Александровичке және ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясының жетекшісі, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті Сейфуллин Маратқа (ЮК-22-01 академиялық тобы) Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Бұл турнир 150-ден астам қатысушылар мен жанкүйерлерді біріктіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ елорданың студент жастары арасында достық және командалық рухты нығайтудың жарқын үлгісі болды!
Алдағы уақытта жеңістер тілейміз!



















