Конференцияда әртүрлі елдердің танымал әдіскерлері мен оқытушылары баяндама жасап, қашықтықтан оқытудағы фидбек, аралас топтар, ағылшын тілі сабақтарындағы виртуалды шындық, онлайн сабақтардағы шығармашылық сынды оқытудың заманауи мәселелері туралы айтты.
Іс-шараға шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сәрсенова және кафедра студенттері (ШТ-22-01, ШТ-19-01 және ПД 19-01 академиялық топтары) қатысты. Барлық қатысушылар «Cambridge University Press and Assessment» баспасының материалдарына электрондық сертификаттар мен демо-қолжетімділік алды.















