Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен: Нұр-сұлтан, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Рудный, Шымкент, Тараз, Ақтөбе қалаларынан және басқа өңірлерден мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушылары қатысты.
Сертификатталған мультипликатор-жаттықтырушылар Ирина Гилинская мен Жанар Қарашашева семинарға қатысушыларды неміс тілі сабақтарында грамматиканы оқытудың заманауи әдістемелік тәсілдері мен әдістемелерімен таныстырып, офлайн режимінде де, онлайн режимінде де өткізуге болатын түрлі жаттығулардың кең спектрін ұсынды.
Семинарға қатысушылардың барлығы Қазақстандағы Гете-Институтының сертификаттарына ие болды.
Семинар соңында доцент Ж.Т. Оспанова Қазақ радиосының тілшісіне сұхбат беріп, өткен іс-шара туралы өз ойларымен және әсерлерімен бөлісті.











