Конференция жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың, шет елдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, сондай-ақ белгілі құқықтанушы ғалымдар қатысты.
Халықаралық форумды Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми ашты, ол Конституцияның жалпыға бірдей танылған құндылықтарының мемлекет тұрақтылығы мен қарышты дамуының кепілі ретінде халық үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.











